Оқиға «Өскемен – Риддер» тасжолының 34-ші шақырымында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«КамАЗ-45143» маркалы көлігінің жүргізушісі жолда көлігін жөндеп жатқан адамды қаққан. Жәбірленуші жол апатынан түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. Қорытындыға сай процессуалдық шешім қабылданады, - деді ШҚО Полиция департаментіндегілер.
Ал Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, ауыр жарақат алған жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.
Пікірлер