13 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Туған жер — алтын бесігім» жобасы аясында Глубокое ауданы әртістерінің гала-концерті өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сағат 16:00-де көрме ұйымдастыралды. Концерттік бағдарламаның басталуы - сағат 18:00.
Концертте көрермен үшін вокалдық, аспаптық және хореографиялық нөмірлерді тамашалауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ сахна төрінде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өнер көрсетеді.
Ал 14 желтоқсан күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Жібек жолы көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан «Алтай» сауда алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Кіру тегін.
Пікірлер