Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні сағат 18:30 шамасында Н.Назарбаев даңғылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған екі жасөспірімді қағып кетті.
- Кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір құқық бұзушыны анықтау және көлікті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.
Пікірлер