«Шығыс Жылу» АҚ тарифті өзгертуге өтініш берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Анықталғандай, ұйым 2025 жылдың 1 ақпанынан 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін сақталатын тарифке өзгеріс енгізу туралы өтініш берді. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес субъект жылына бір рет тиісті әрекетті жасай алады.
Өтінімдегі орташа тарифтің болжамды өсуі 22%-ды құрады. «Шығыс Жылу» қызмет бағасын арттыру қажеттілігін стратегиялық тауар құнының өсуі, инвестициялық бағдарламаның өзгеруі және қаладағы орташа айлық жалақыны көтерумен байланыстырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғындар үшін келесі тарифтер бекітілген: ҚҚС-сыз 3 970,38 теңге/Гкал, ҚҚС-пен 4 446,83 теңге/Гкал.
Пікірлер