Өскеменнің экс-басшысы енді облыс әкімінің жанында жүреді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев көпшілік алдында оны ресми таныстырды.
- Жақсылық Мұқашұлының қызметтік өкілеттілігі аяқталған соң Заңға сәйкес қызметінен босату туралы арыз жазды. Біз соңғы 1,5 жылда өте жақсы жұмыс істедік. Облыста қалған соң оған өзімнің кеңесшім болуға ұсыныс тастадым, - деді Ермек Беделбайұлы.
Отырысқа келген өскемендіктер экс-әкімге өз ризашылықтарын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Пікірлер