Тәуелсіздік күніне орай 13 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Өзгелер туралы ойланыңыз! Қан тапсырыңыз! Өмірмен бөлісіңіз!» атты ұранмен донорлық акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Донорларды қабылдау үзіліссіз таңғы сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін өтеді.
-Құрметті жерлестер, әрбір қан тапсыру – баға жетпес құнды сыйлық екенін ұмытпаңыздар. Әр адам өзге адамға тек бақыт қана емес, өмір де сыйлай алады. Қанға мұқтаж адамдарға қан және оның компоненттерінің қоры жеткілікті болуы үшін донорлық әлеуметтік нормаға айналуы керек. Донорлық қозғалысты жандандыруға қатысу игі іс саналады. Соның арқасында облыстық денсаулық сақтау ұйымдарында күн сайын науқастарға қан компоненттерін 35 рет құю жүргізіледі, - деді қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина.
Жынысы мен кәсібіне қарамастан 18 жасқа толған әрбір дені сау адам донор бола алады. Бұл күні мерекеге орай донорларды жағымды тосынсыйлар да күтеді.
Қан орталығының мекенжайы: Көкжал Барақ көшесі, 11. Мекемеге № 17, 46, 26, 26 А, автобустармен және № 260 маршрутпен келуге болады. Донордың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.
Пікірлер