A+ A A-

talgatzhan 40 12-12-2024, 10:00 0

ШҚО-да биыл 16,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылу барысы туралы баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«AMANAT» партиясы ШҚО филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмәділованың айтуынша, Жол картасы қоғамның өзекті сұраныстары негізінде әзірленген.
- Бүгінгі таңда партияның сайлауалды бағдарламаларын бақылау және мониторинг жасау бойынша жүйелі жұмыстар жасалып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, сайлау алдында партия өкілдері халықпен кездесіп, бірнеше мәселені көтереді. Тұрғындар тарапынан келіп түскен тұрғын үй, ауыз су, жарықтандыруға қатысты талап-тілектерін орындау үшін Жол картасын әзірледік, - дейді ол. 
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі ШҚО бойынша Жол картасы 96 тармақтан тұрады. Белгілі болғандай, 2023 жылы 88 тармақ, ал 2024 жылы 91 тармақ орындалуға қойылған. Биыл оның 53-і (58%) орындалды, ал қалған тармақтар бойынша жұмыстар жалғасуда. 
- 2023-2024 жылдары ауыл шаруашылығы саласында 7 инвестициялық жоба және өнеркәсіп саласында 1 жоба іске қосылды. Жалпы инвестиция көлемі 38,9 миллиард теңгеден асып, 87 жұмыс орны құрылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 616 пәтер берілді. Тарбағатай ауданы мен Өскемен қаласында 2 мектеп ашылды. Жыл соңына дейін Зайсан қаласында 300 орындық мектептің құрылысы аяқталмақ, - деді филиал төрағасы. 
Сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында ауылдарда 23 медициналық пункт пен 1 дәрігерлік амбулатория салынды. Қалған 12 медициналық пунктің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. 16 мәдениет, 18 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жүргізілді. Туризм саласы бойынша 7 жоба іске асырылды. Биыл ішкі туристер саны 359,6 адамды құрады. 
- «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл 41 жобаға 661,779 миллион теңге несие берілді. «Жер Аманаты» жобасы бойынша 94,2 мың га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. 13 ауылдық елдімекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Өскемен мен Риддерде 120 жаңа автобус сатып алынды, - дейді Сайрангүл Жұмәділова. 
Брифинг барысында филиал төрағасы халықты жұмыспен қамту мәселесін де тілге тиек етті. 
- Биыл 16,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, оның ішінде 7,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. Жастар арасында 3,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ биыл Жол картасындағы 2 тармақтың орындалмау қаупі бар, - деді ол. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}