Өскемен қаласының прокуратурасы балалардың алимент алуға құқығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінгі таңда 6660 баланың мүддесі үшін 5549 атқарушылық құжат өңделуде. Алайда 1500-ден астам ата-ана алимент төлеу бойынша өз міндеттемелерін уақтылы орындамай жүр. Осылайша, Өскеменде алимент бойынша қарыздың жалпы сомасы 917 миллион теңгені құрады.
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау үшін борышкерлердің мүлкін өндіріп алу шаралары жүргізілуде. Соның аясында 125 борышкер көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Автоматтандырылған деректер базасында борышкерлерге тиесілі немесе бақылауындағы көліктер анықталып, айыппұл тұрағына қойылды. Ал жүргізушілердің куәліктері тәркіленеді.
Айта кетейік, биыл 32 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, алимент төлеуден жалтарған 14 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер