20 желтоқсан сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облысытық филармониясында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында аудан және қала өнерпаздарының қортынды гала-концерт өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жобаның мақсаты мен міндеттері: ауылдық мәдениетті, спортты дамыту және танымал ету, облыстық қала және аудандары арасында әлеуметтік-экономикалық бағыттарда тәжірибе алмасу және байланысты нығайту, өңір тұрғындарының мәдени демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыру, эстетикалық тәрбиені жетілдіру, ауыл шаруашылығы жетістіктерін көрсету, өнімдерін қала жұртшылығына сату, қолөнер шеберлерінің және басқа да шығармашылық тұлғалардың көрмелерін ұйымдастыру.
Концерттік бағдарламада Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Ұлан, Шемонаиха, Глубокое, Самар, Алтай аудандары және Риддер қаласының өнерпаздары мен Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солистері, шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
Жобаның үздік қатысушылары арнайы сыйлықтар және жүлделермен марапатталады.
Фотосурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен
Пікірлер