Облыс орталығындағы полиция қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі күндері бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, мереке кезінде мас күйінде көлік тізгіндегендер саны әдеттегіден аспайды.
- Статистикаға сүйенсек, мейрам күндері тұрмыстық қылмыс санының айтарлықтай өсімі байқалмайды. Мас күйде рөлге отырғандар саны да өсе қоймайды. Тәртіп бұзушылық көлемі жұмыс күндерімен бірдей, - деді Өскемен ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Орал Рыспаев.
Пікірлер