A+ A A-

talgatzhan 34 19-12-2024, 11:45 0

Өскемен әкімімен кездескен тұрғындар қандай мәселелерді көтерді?

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығының жаңа тағайындалған басшысы Алмат Ақышов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Бүгін Өскемен қаласының әкімі ретінде бірінші жеке қабылдауымды өткіздім. Тұрғын үй, жер қатынастары, көлік және жол мәселелері талқыланды. Тұрғын үй бойынша кезек тәртібі түсіндірілді. Барлық азаматтар белгіленген тәртіппен тұрғын-үймен қамтамасыз етіледі, - деді Алмат Ақышов.
Сондай-ақ жер қатынастарында учаскелерді бөлудің заңдылықтары түсіндірілген. 
- Көлік пен жолға қатысты №260 маршрут, жылы аялдамалар орнату және жолдарды жөндеу жоспарлары талқыланды. Барлық мәселелер бақылауымда, олар уақтылы шешіледі, - деді ол өзінің жеке парақшасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив