A+ A A-

talgatzhan 41 20-12-2024, 11:40 0

Көзілдірік кисең де көмектеспейді. Өскеменде 6000-ға жуық бейнебақылау камерасы қойылады

Бүгін / Өскемен

Қалада «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешені камераларын орнату жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірдегі ақпараттық технологиялар орталығының мәліметінше, «Мерген» камералары қыркүйек айының соңынан бері жұмыс істеп тұр. Жаңа бейнебақылау жүйесі жасанды интеллекті пайдаланады.
- Жылдамдықты шектен асыру, бағдаршамнан өтіп кету сынды құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін жүйе бар. Сондай-ақ жүргізушінің қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағанын немесе телефонды пайдаланатынын көруге болады, бірақ бұл фактілер автоматты түрде жазылмайды. Мұны операторлар қадағалап, мәліметтерді патрульдік қызметке жібереді, - деді ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы «Ақпараттық технологиялар орталығының» басшысы Асқар Жапаров.
Ал жасанды интеллект адамдарды іздестіруге арналмақ. Ол бас киім немесе көзілдірік киіп жүрсе де, камера бет-әлпетін тани алады.
Қаладағы ескірген 159 «Сергек» камерасы ауыстырылады. 
- «Сергек» камералары 2018 жылы қойылған. Олардың орнына 242 «Мерген» камерасы орнатылады. Ал «Сергек» жаңартылып, облыстың бірқатар қалаларында жұмыс істейтін болады, - деді Асқар Жапаров.
Айта кетейік, қазір Өскеменде барлығы 5832 бейнебақылау камерасы бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив