23 желтоқсанда полиция, төтенше жағдайлар қызметі мен метрология департаментінің мамандары Орталық базарды аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексерудің мақсаты - рұқсат етілмеген пиротехникалық өнімдері анықтау. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде парақшалар таратылды.
Айта кетейік, облыста 20-31 желтоқсан аралығында «Шырша» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Ол қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу мен оларды заңсыз сату фактілерінің жолын кесуге бағытталған.
Пікірлер