Бұрын “Бәйтерек” орналасқан айналма жол қиылысында күнде таңертең патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін бақылайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұның себебі неде? Жүргізушілер қандай ережелерді бұзады? Бұл туралы Өскемен қаласы Полиция басқармасының ППБ өкілдерінен сұрап көрдік.
- Шеңберлес ұйымдасқан жол қиылысында оңға немесе солға бұрылар кезде тек қажет жолаққа түсу керек. Егер бұл аумақта жол жүру ережесінде көрсетілген 5.8.1 немесе 5.8.2 жол белгілері тұрса, онда сол белгіле сәйкес қозғалу қажет, - деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының ППБ взвод командирі Ернар Өмірбекұлы.
Айта кетер жайт, Славский жағалауына түсер кезде айналма жолдағы екі жолақпен де жүруге болады.
Жол сақшыларының айтуынша, дәл осы жерде жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі. Сондықтан полиция қызметкерлері айналма жолда үздіксіз бақылау жүргізуде.
Пікірлер