A+ A A-

talgatzhan 30 25-12-2024, 17:00 0

Өскеменде биыл 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Бүгін / Өскемен

Оның 8653-і жұмыспен қамту бағдарламасы мен мемлекеттік қолдау шаралары аясында құрылған тұрақты жұмыс орындары, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратынша, осы жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 5574 адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар өңірде «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс» жобалары іске асырылуда. 

Халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 118 миллион теңгеге 80 грант бөлініп, 400 отбасыға (1783 адам) атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 80 адам грант алса, «Bastau Business» жобасына қатысуға 503 адам тіркелген. Оның 328-і оқуды сәтті аяқтады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив