Өскемен қаласында 23 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып тұр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалада бүгін жел соқпай тұрғанына төртінші күн болды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайдан көшелерді түтін тұмшалап алған. Әсіресе, таңертең жұмысқа бара жатқанда халық қою түтіннің қолайсыздық тудырғанын айтып жатыр.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, ҚМЖ әлі де созылады. Нақты айтқанда, 26 желтоқсан сағат 20.00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Ал одан соңғы болжам кешке қарай жарияланбақ.
ШҚО Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, осындай кезде тұрғындарға далада ұзақ жүрмей, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жауып, қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәйды жиі ішу ұсынылады.
Пікірлер