Қала шетіндегі жол жиегінде жануар біраз уақыт әлдебіреуді күтіп отырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өтіп бара жатқан жолаушылар оны жиі тамақтандырып жүретін. Соңғы кезде ит көрінбей кетті. Кейін әлеуметтік желіде оның жағдайы туралы ақпарат жарияланды.
- ”Өскемен” тақтайшасының жанында жүрген итті асырап алды. Айналамызда қолдан келгенше қамқорлық танытатын жандардың көптігі қуантады. Бірі тамақ әкелсе, енді бірі жылы төсеніш қойды. Жануар да барлығын түсінеді, - делінген жазбада.
Пікірлер