A+ A A-

talgatzhan 45 10-01-2025, 10:20 0

Шалқар көлінде қысқы туризм ашылады

Бүгін / ШҚО

11 қаңтар сағат 10:00-де Шалқар көлінде қысқы туризмнің ашылуы салтанатты өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл шара туристер мен жергілікті тұрғындарды қыстың қызықты әрі белсенді демалысымен таныстыруды мақсат етеді. Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің ақпаратынша, ашылу барысында арнайы концерттік бағдарлама мен көңілді ойындар ұйымдастырылады. 

-Шалқар көлі мен оның айналасы туристік маршруттарға, түрлі демалыс орындарына бай, сондықтан бұл іс-шара өңірдің экономикалық дамуына да септігін тигізеді. Қысқы туризмнің жаңа мүмкіндіктері шаңғы тебу, конькимен сырғанау, қарда жүретін көліктермен саяхаттау сынды көптеген қызықты іс-шараларды ұсынады. Барлық туристер мен демалушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, аймақтың табиғаты мен мәдениетін таныстыру мақсатында арнайы бағдарлама әзірленген. Бұл ашылу шарасы Шалқар көліне қызығушылық танытқан барлық саяхатшылар үшін ұмытылмас тәжірибе болмақ, -  дейді Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Сергазина.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият

Қалаға хат 3-02-2025, 10:55

Жұлдыз жорамал

{calendar}