Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласының әкімі сайланады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай ауданының орталығы Алтай қаласының әкімін сайлау 16 ақпанға белгіленген. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.
-Әзірге сайлауға түсетін кандидаттар белгіленген жоқ. Алтай қаласы бойынша 20 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде үшеуі жабық. Ал нақты қанша сайлаушы дауыс бере алатындығы әзірге есептелмеді, - деп аудан әкімдігінен мәлім етті.
Айта кетейік, 2023 жылы Алтай ауданы әкімінің сайлауы өткен. 45 844 адамның ішінен 28 232 дауыс жинаған Ренат Құрмамбаев аудан басшысы болып сайланған еді.
Пікірлер