A+ A A-

talgatzhan 32 13-01-2025, 09:40 0

Өскеменде өрт шығып, бір адам күйік алды

Бүгін / Өскемен

12 қаңтар күні Уральский көшесіндегі үй отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өрттің жалпы аумағы 88 шаршы метрді құрады. 

1958 жылы туған үй иесі құтқарушылар келгенше өртті өз бетінше өшірмек болып, күйік алды. Салдарынан ауруханаға жеткізілді.

Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. 

-Үйден шыққан кезде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар, - делінген ақпаратта. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив