A+ A A-

talgatzhan 33 13-01-2025, 10:15 0

Өскеменде бүгін ауа сапасы нашарлайды

Бүгін / Өскемен

"Қазгидромет" РМК облыстық филиалының ақпаратынша, 12 қаңтар сағат 20:00-ден 13 қаңтар сағат 20:00-ге дейін Өскеменде күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сондай-ақ «Казгидромет» облыстық филиалының мәліметінше, 13 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Мұндай метеожағдайда көлік жүргізушілері жылдамдықты сақтау керек. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін абай болған жөн.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив