2024 жылы діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу сияқты 85 қылмыс ашылып, 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
-Сонымен қатар, ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды. 18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 қару және 10 келіден астам есірткі тәркіленді, – дейді ведомство.
Тыйым салынған материалдарды таратқан 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-Жыл бойы 9930 нысанның қауіпсіздік шараларының жағдайы тексеріліп, оның нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 3581 нұсқама енгізіліп, 1244 әкімшілік хаттама жасалды, – дейді полиция.
Пікірлер