A+ A A-

talgatzhan 46 13-01-2025, 16:10 0

Өскемендегі көше шамдары үш ауысымда жөнделуде

Бүгін / Өскемен

2024 жылдың 1 қарашасынан бастап «Кэмонт» АҚ ШҚО Өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығымен Өскеменнің жарықтандыру жүйесін эксплуатациялау туралы шарт жасасты (үш ай мерзімге), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осылайша, компания мамандары қаладағы жарықтандыру мәселесін қолға алуда.

-Тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін компания жұмысы үш ауысымда ұйымдастырылған. Бұл пайда болған ақауларды тәулік бойы жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта көше шамдарының көпшілігі іске қосылған. Жұмыс істемейтін шамдар саны 10 пайыздан аспайды, деді «Кэмонт» АҚ өкілдері. 

Сондай-ақ мұндай ақаулардың қайталанбауы үшін алдын алу жұмыстары да жүргізілуде.

-Біз ескі кабельдер мен панельдерді ауыстырып, жүйенің қызмет ету мерзімін ұзартып жатырмыз, - дейді «Кэмонт» АҚ №1 монтаждау учаскесінің басшысы Алексей Сердюков.

Сондай-ақ «Кэмонт» АҚ қызметкерлері тек орталық көшелердің емес, бұрын назар аударылмаған аумақтардың жарығын ретке келтіруді де қолға алды. Мысалы, Гоголь көшесіндегі бірнеше жыл бойы болмаған жарықты қалпына келтірді. Мұнда 46 жарық бағаны орнатылды. Ендігі кезекте компания Пермитина көшесіндегі жарықтандыруды жаңғырту бойынша пилоттық жобаны іске асырмақшы. 

-Шамамен 3000 метрге жуық оқшауланған сым, 150 жарықдиодты шам ауыстырылады. Қашықтан бақылау және басқаруға арналған жарықтандыру шкафы жабдықталады. Бұл біздің мамандардың біліктілігін көрсетіп, қаладағы жарықтандыруды ретке келтіруге болатынын дәлелдейтін пилоттық жоба болмақ, - деді Алексей Дмитриевич.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив