Өскемен — Семей тасжолында қараусыз мал кесірінен бір жылда 14 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Жаңасемей ауданының полиция қызметкерлері қоғам өкілдерімен, инспекция және ветеринарлық қызметпен бірлесіп рейд жүргізді.
Нәтижесінде 40 бас жылқы айыппұл тұрағына жіберіліп, шаруа қожалығының иесі жауапқа тартылды. Сонымен қатар жылқылардың чиптелмеуі, таңбаланбауы, жұмысшылармен еңбек шартының жасалмауы сынды заңбұзушылықтар анықталды.
Барлық факті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Пікірлер