A+ A A-

talgatzhan 32 15-01-2025, 11:20 0

Өскеменде көктайғақтан 200-ге жуық адам зардап шекті

Бүгін / Өскемен

6-13 қаңтар аралығында көктайғақта құлап, жарақат алған 188 облыс орталығының тұрғыны медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Азаматтар жаяу жүргіншілер жолды нашар тазалап, құмның сирек себетінін айтып шағымданды. 

«Таза Өскемен» кәсіпорнының өкілдері жұмыстың жүйелі жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал коммерциялық нысан аумағын меншік иелері қадағалауы қажет.

Облыстық мәслихат бекіткен ШҚО қалалары мен елдімекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында күнделікті қар мен мұздан тазарту, көпірлер, көшелер, тротуарлар, кірме және жаяу жүргіншілер жолына мұзға қарсы материал себу жұмыстары көрсетілген. 

Сондай-ақ тұрғындар қоғамдық абаттандыру екрежелерінің бұзылғаны туралы полицияға хабарлай алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив