Алматы облысында әскери техника жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол апаты 15 қаңтар күні, сағат 13:40 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 56 шақырымында, Заречный ауылы маңында болған. Нақтырақ айтқанда, «Цзефан» автокөлігінің тралынан екі әскери техника түсіп кетіп, жолда аударылып, артынша полицияның «Ssang Yong Actyon» автокөлігімен соқтығысты.
Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Фотосурет: ҚазАвтоЖол
Пікірлер