A+ A A-

talgatzhan 31 16-01-2025, 15:00 0

Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған 3 адамға айыппұл салынды

Бүгін / Өскемен

Өскеменде тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған 3 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полицейлерге көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдар жайлы 3 арызды да бір адам түсірген. Ол таңертең аулаға шығып, көліктерді видеоға түсіріп, тәртіп сақшыларына арызданып жүр.

- 102 арнасына осылай 3 арыз түсті. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияда осындай заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға жаппай айыппұл салу міндеті жоқ. Автокөлікті ұзақ қыздырғандарға әкімшілік хаттама тек азаматтардың арыз-шағымдары түскен кезде ғана толтырылады. Сондай-ақ бұзушылық туралы дәлелдер (фото, видео) болуы тиіс, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көлік жүргізушілеріне заң бойынша 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив