НҚА порталында қалалық мәслихаттың «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы құжат жобасы пайда болды.
Онда мынадай толықтырулар пайда болды: кәмелетке толмаған және жиырма үш жасқа дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар жесірлер.
Айта кетейік, 2019-2024 жылдар аралығында облыс орталығында 283 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді. Оның ішінде: 56 көпбалалы отбасы, 87 толық емес отбасы, 110 мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасы, 20 мүгедекті бар адам, 9 жетім бала, 1 сұранысқа ие маман иесі бар.
Фотосурет: inbusiness.kz
Пікірлер