A+ A A-

talgatzhan 31 17-01-2025, 14:30 0

Өскеменде бір топ қаңғыбас ит 11 жастағы балаға шабуыл жасады

Бүгін / Өскемен

Оқиға Защита шағын ауданында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- 11 жастағы ұлым інісін сабақтан күтіп алуға бара жатты. Мектеп жанында бір топ қаңғыбас ит жүрген еді. Балам оларды айналып өткенде бірі аяғынан тістеп алса, екіншісі жеңінен бас салды, - дейді жарақаттанған баланың анасы Ксения Светоносова.

Қала тұрғынының айтуынша, жасөспірім қашып үлгерген. 

Зардап шеккен баланың анасы ауруханаға барып, полицияға арыз берді.  

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері аталған фактіні растады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив