Манамада шпагашыларымыз – Ғабидин Мұстафин, Нұржан Әбжанов, Кирилл Проходов және Алексей Касаткин жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
1/8 финалда жігіттер Үндістан құрамасын (45:35), 1/4 финалда Сауд Арабиясын (45:36), ал жартылай финалда Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата ұтты. Финалда біздің команда Франция құрамасымен кездесіп, тартысты күресте 44:43 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Кирилл Проходов - ШҚО ДШжСБ Қажымұқан атындағы облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі.
Оның алғашқы жаттықтырушысы - Ксения Вендерских, ал жеке жаттықтырушысы - Алексей Пеньков пен Эльдар Әлімжанов.
Пікірлер