A+ A A-

talgatzhan 116 27-01-2025, 09:30 0

27 қаңтар мен 2 ақпан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Өмірлік серігіңізді қалай қатты жақсы көрсеңіз, соны көзбе-көз айтуға еш қысылмаңыз. Тіпті романтикалық кеш ұйымдастырсаңыз да мархаббат. Сенбілік кеш қарбалас өткелі тұр, әбден әуре-сарсаңға түсесіз.

Торпақ
Осы күндері мүлде асықпауыңыз керек. Барлығын ретімен, байыппен орындауға тырысыңыз, өзгелер асықтырса құлақ аспаған жөн. Жұмыста жан-жағыңыздағы өзгерістерге қарап, босқа уақыт жоғалтпаған жөн.

Егіздер
Таяу күндері жиі ренжуді шығарасыз. Мүмкіндігінше өз-өзіңізді қолға алыңыз. Қазір алдыңызға тау мақсаттар қойып, соған жету жолында әр саланың мықтыларынан ақыл-кеңес сұрап көрсеңіз орынды.

Шаян
Сіз үшін өзгерісі мол кезең: әлдекімдер алдап соғуды жоспарлайды. Сондықтан құжат жағынан қателік жібермеуге тырысыңыз, олқылықты кез келген қадамыңыздан табады. Бар ақшаңызды шаша беруден аулақ болыңыз.

Арыстан
Жағымды жаңалықтар көп болады осы аптада. Өзіңізді бір сәт бар мұрат-мақсатына жеткен адамдай сезінесіз. Әлдененің байыбына бара алмай тұрсаңыз достарыңызға жүгінуге болады.

Бикеш
Апта ортасында бір сәт оңаша қалып, жіберген қателіктеріңізбен жұмыс істеп көріңіз. Тіпті бұдан былай өміріңізге өзгеріс те енгізуге болады. Әлдекімдер ашуыңызға тисе, эмоцияңызды шығармауға тырысыңыз.

Таразы
Жуық арада көңіл-күйіңіз көтеріліп, өміріңізге жаңаша көзқараспен қарай бастайсыз. Ұрымтал сәтті пайдаланып қордаланған шаруаларыңызды аяқтап, іскерлік кездесулер өткізіңіз. Іздеген аруыңызды да жолықтыруыңыз ғажап емес.

Сарышаян
Соңғы уақытта денсаулығыңызға мүлде мән бермей кеттіңіз. Сөзсіз, қазір өзіңізді өте жақсы сезінесіз, десе де ақ халаттылардың бір тексергендері артықтық етпес. Жұмыста сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыз.

Мерген
Туысқандарыңызбен сәл сөзге келмей қаласыз. Оларға ренжудің орнына жылы шырай танытқаныңыз жөн. Қазір қарыз берудің еш реті жоқ, таныстарыңыз уақтылы қайтара алмай қалулары мүмкін.

Тауешкі
Әзірге болашаққа жоспар құруға асықпаңыз: қазіргі сәттің өзі қарбалас. Жұмыстағы кез келген өзгеріске дайын болыңыз: сізге жаңа міндеттемелер жүктеледі. Болып жатқан нәрсенің барлығына қаз-қалпы қарауға дағдыланыңыз.

Суқұйғыш
Егер сәл арықтауды жоспарласаңыз, мұныңызды кейінге қалдырғаныңыз жөн. Неге десеңіз, біршама күш-қуатыңыздан айырыласыз. Дүйсенбі күні ықпалды адаммен жолығуыңыз мүмкін, барынша жинақы болыңыз.

Балықтар
Жұмыста басшылық жиі сын айта бастайды. Қарсы келіп, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін анықтауға асықпаңыз. Бәлкім жаңа лауазымға тағайындар алдында тексерістен өткізбек болған шығар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив