20 қаңтарда сағат 08:22-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Ақтау уақыты бойынша сағат 08:22-де тіркелген жерасты дүмпулерінің күші 3,1 балға жеткені хабарланды.
Жер сілкінісінің ошағы 16 шақырым тереңдікте жатыр.
Айта кетейік, Каспий теңізінде соңғы рет жер сілкінісі 2024 жылдың 31 желтоқсанында тіркелген болатын.
Пікірлер