A+ A A-

talgatzhan 33 21-01-2025, 10:00 0

Мектептер мен колледждерде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

Бүгін / Республика

2025 жылдың қаңтар айынан бастап, мектептер мен колледждерде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп "111" байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін арнайы QR-кодтар енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл орталық отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді.

Енді "111" нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігінен басқа, балалар мен олардың ата-аналары QR-кодтар арқылы сұрау жібере алады.

Олар барлық білім беру ұйымдарында, балалар үшін қолжетімді орындарда, сондай-ақ автобус аялдамаларында орналасқан.

-Бұрын балалар байланыс орталығына тек телефон арқылы ғана хабарласа алатын, ал енді олардың QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі бар. Бұл қолдауға жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетеді, оны неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді етеді. QR-кодтар қажетті ақпарат пен көмекті жылдам және анонимді алуға мүмкіндік береді, бұл балалардың сауалдары мен мәселелеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша "111" байланыс орталығына балалардан 1000-ға жуық өтініш келіп түсті.

Оларға анықтамалық ақпарат беріліп, психологиялық қолдау көрсетіліп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта уақытылы көмек ұйымдастырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив