A+ A A-

talgatzhan 31 21-01-2025, 16:00 0

Қазақстан әскерінде жаңа қызмет пайда болды

Бүгін / Республика

Әскери бөлімдердегі бейнебақылау камераларын бақылап, сараптайтын жаңа қызмет түрі енгізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Тілеухан Басқожаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерде бейнебақылау камераларын орнатумен шектелмей, қазір кезекші бөлімдерде қосымша лауазым енгізілді. Олар бейнебақылау камераларын сараптап, қарап отырады, яғни жағдайды бақылап, баяндайды, - деді Тілеухан Басқожаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әскери бөлімдердің 60-70 пайызында оператор лауазымы бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай әскердегі тәртіп бұзушылықтың 70-80% бейнебақылау камерасының көмегімен анықталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив