A+ A A-

talgatzhan 28 22-01-2025, 13:55 0

Колледж мұғалімдерінің жалақысы көтерілуі мүмкін

Бүгін / Республика

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің жалақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Депутат бұл мәселені Үкімет басшысына жолдаған сауалында көтерді.

-Техникалық және кәсіптік білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін ұлғайту қажет. Оқу шеберханаларын заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықтау өзекті, - деп айтты депутат.

Оның сөзінше, жұмысшы мамандықтарын даярлауға зор үлес қосып жүрген өндіріс шеберлерінің айлық жалақысын өсіру қажет.

-Колледждерде жалпы білім беретін пәндердің педагогтерінің жалақысын мектептегі педагогтердің жалақысымен теңестіру өзекті. Сонымен қатар, колледждерде еңбек ететін педагогтарға магистр, PhD ғылыми атақтары үшін үстеме ақы қарастыру қажет, - деп ұсынды Сүлейменова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив