A+ A A-

talgatzhan 6 23-01-2025, 09:50 0

Жол жылының қорытындысы: Облыста былтыр қай жолдар жөнделді?

Бүгін / ШҚО / Өзекті мәселе

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жыл – Жол жылы деп жарияланғаны белгілі. Себебі өңір халқын толғандырған өзекті мәселелердің ішінде жолдың жайы алдыңғы лекте тұр. Шұрық тесік жолдардан бір жерден екінші жерге жету мұң. Туристердің де сулы да нулы өлкеге көп ат ізін сала бермейтіні де сондықтан болар. Бұл мақалада былтыр өңір көлемінде қай жолдардың жөнделгені жайлы сөз етпекпіз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Риддер

РиддердеЖол жылында қай жолдар жөнделгені туралы қала әкімінің орынбасары Ерболат Ошақбаев мәлім етті. Белгілі болғандай, моноқала жолдарының жалпы ұзындығы 584 шақырымды құрайды.

- Барлық жол қанағаттанарлық жағдайда. Өткен жылы 6 шақырым жол жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының көлемі – 151,0 млн теңге, - делінген ресми жауапта.

Аталған жолдар толық асфальтталды ма әлде орташа жөндеуден өтті ме қала әкімдігі бұл сауалға нақты жауап бермеген. Десе де Жол жылы жөндеуден өткен жолдар мыналар:

  • 94 кварталдан Тишинский ГЭС кентіне дейін;

  • 3 мектепке дейін,

  • 10 орта мектепке тұрақ салынды;

  • 4-аудан алаңынан Дрейман көшесіне дейін жолдың жүріс бөлігін кеңейту;

  • Музыка мектебінің тұрағы;

  • Үлбі дүкені ауданындағы алаңды асфальттау;

  • 11 орта мектеп тұрағы бойына тротуар салу;

  • Уәлиханов көшесіндегі жылу трассасын төсегенненкейін Рощин, Айдарханов және Әуезов көшелерін асфальттау;

  • Тәуелсіздік даңғылы 12 бойынша аула аумақтарын асфальттау;

  • Мичурин көшесі бойымен «Болашақ» б/б дейін шұңқырларды жөндеу;

Биыл шаһар бойынша жөнделетін жолдың шақырымы ұзарады, нақты айтқанда 11 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

Самар

Газет редакциясы жіберген сауалхатқа Самар ауданының Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Бауыржан Сахметжанов әр ауылдағы жолдың жағдайын жекеше жіктеп, толыққанды жауап қайырыпты.
- Самар ауылдық округіне қарасты Шұбарқайың және Қайынды ауылдары
ндағы көше саны – 44, жалпы ұзындығы – 94 шақырым. Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы орташа. Оның ішінде 19,76 шақырым қанағаттанарлық жағдайда, 74,24 шақырым нашар жағдайда, Мариногорка ауылдық округіндегі жолдардың жағдайы нашар. Орталық жолдан Мариногорка ауылына дейін 18 шақырым бар, оның ішінде орташа жағдайдағы жолдың ұзындығы - 8 шақырым. Сарыбел ауылдық округіне қарасты Сарыбел және Новостройка ауылдарының көше саны -17, олардың жалпы ұзындығы - 11,5 шақырым. Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы орташа. Оның ішінде 8,7 шақырым құмды жол және 2,8 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда. Бастаушы ауылдық округіне қарасты Бастаушы және Көкжота ауылдарында көше саны - 16, жалпы ұзындығы - 11,505 шақырым. Қазіргі уақытта аталған жолдардың жағдайда орташа. Оның ішінде 6,505 шақырым нашар жағдайда, 4,3 шақырым қанағаттанарлық. Палатцы ауылдық округіне қарасты төрт елді мекен - Палатцы, Песчанка, Подгорное, Каракол ауылдарының көше саны - 23, жалпы ұзындығы - 15 шақырым. Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы нашар. Оның ішінде 14,3 шақырым нашар жағдайда, 0,7 шақырым қанағаттанарлық. Құлынжон ауылдық округі бойынша жолдардың жай-күйі жақсы. Құлынжон ауылында 100% жол жөнделген. Көкжыра ауылына қарасты жолдардың 30%-ы жөнделген, қалған 70%-ы нашар жағдайда, - делінген ресми жауапта.
2024 жылы Самар ауданы бойынша 27,478
шақырым жол жөнделген.
- Самар ауылдық округі ішінде Горохова, Фонова, Лоскутова, Мира, Бакраева, Новоселова, Раисов,
Әубәкіров, Астана, Солнечная кошелеріне және Красноармейский, Первомайский, Абай, Асламова, Центральный көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сарыбел ауылының Жастар және Достық көшесінде 1,4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бастаушы ауылының Абай, Ғ.Раханов, Рысқұлов, Төле би көшелерінің жалпы ұзындығы 2,5 шақырым болатын және Көкжота ауылының Қабанбай көшесіне қарасты ұзындығы 1 шақырым көше орташа жөнделді. Көкжыра ауылында Ы.Алтынсарин, М.Әуезов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, Құлынжон ауылында Әубәкіров, Б.Момышұлы, Шәкәрім, Гагарин, Көкжал Барақ, Жуандық көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мариногорка ауылы бойынша Зеленая көшесіне 1,2 шақырым орташа жөнделді, - деді бөлімі басшысы Бауыржан Сахметжанов.
Самар ауданы бойынша жол жөндеу жұмыстарына кеткен
қаржы 1 263 461 мың теңгені құрады. Биыл ауданға қарасты 20 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Тарбағатай

Тарбағатай ауданына қарасты жалпы 250,4 шақырым автокөлік жолдарының 199 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, ал 51,33 шақырым жол жөндеуді қажет етеді.
- 2024 жылы аудандық маңызы бар 29 ш
ақырым жол орташа жөндеуден, 26 шақырым жол ағымдағы жөндеуден, 7,713 шақырым болатын 9 ауылішілік көше жолдары орташа жөндеуден өтті. Нақты айтқанда, Ақжар ауылының Молдағали, Құрманғазы, Мұхамади, Қабанбай, Рысқұлов көшелерінің 3,8 шақырым жолы, Маңырақ ауылының Абай, Бобылтаев көшелерінің жолдары, Жетіарал ауылының Шомбин көшесі және Тұғыл ауылының Сәтбаев көшесі 1,586 шақырым болатын ауылішілік көше жолдары орташа жөндеуден өткізілді. Өткен жылы аудандық маңызы бар жолдарды орташа, ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарына арналған 4 жобаға 203 163,4 мың теңге, ауылішілік көше жолдарын орташа жөндеуден өткізуге 461 046, 74 мың теңге қаржы бөлінді, - деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Талант Бақытбекұлы.
Биыл аудан бойынша орташа жөндеуден өтетін жолдар мыналар:

  • Бозша ауылына кіреберіс 3 шақырым жол;

  • Қабанбай ауылішілік Қабанбай көшесіне қарасты 1,195 шақырымжол;

  • Қарасу ауылішілік Сүлейменов көшесінің 0,65 шақырымы;

  • Байтоғас ауылының1,3 шақырым болатын Абай көшесінің жолы;

  • Жаңалық ауылына қарасты Қасенов көшесінің 1,1 шақырым жолы.

Ұлан

Ұлан ауданына тиесілі жергілікті маңызы бар жолдың жалпы ұзындығы 370,5 шақырымды құрайды, оның ішінде 200,5 шақырым жолға асфальтбетон төселген, қиыршық тасжолының ұзындығы - 170 шақырым, ауылішілік көше жолдарының ұзындығы 287,2 шақырымды құрайды.
-
Аудан бойынша өткен жылы жөнделген жолдардың ұзындығы - 15,3 шақырым. Жол жылы аясында 7 ауылда (Айыртау ауылының Құдагелдинов (0-0,4 шақырымы), Бектасов (0-0,7 шақырымы), Т. Сембаев (0-1.4 шақырымы) көшелері, Мамай батыр ауылының Солнечная (0-0,42 шақырымы), Жерұйық (0-0,41 шақырымы) көшелері, Герасимовка ауылының А. Мұхамадиева (0-0,9 шақырымы) көшесі, Украинка ауылының Клименко (0-1,4 шақырымы), Школьная (0-1 шақырымы) көшелері, Таврия ауылының Қасым Қайсенов (0-0,6 шақырымы) көшесі, Қасым Қайсенов кентінің 4-квартал (0-1,6 шақырымы), Жалын (0-0,25 шақырымы) көшелері, Ұлан ауылының Аманжолов (0-1,6 шақырымы), Жамбыл (0-0,270 шақырымы), Ахметов (0-1,8 шақырымы) көшелері, яғни барлығы 12,8 шақырым жол жөнделді. Жөндеу жұмыстарына 600,4 млн теңге қаражат кетті, - деді Ұлан ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Садуақасов.
Сонымен қатар, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Тарғын ауылының Айтықов, Астана, Қ.Қайсенов көшелері және Мамай батыр ауылының Тәуелсіздік көшесі орташа жөндеу
ден өткен.

Биыл Ұлан ауданында жөндеуден өтетін жолдар төмендегідей:

  • «РЖ-Ново-Одесское-Отрадное» жолдары;;

  • «РЖ-Айыртау-Жаңа Қанай» атвожолы;

  • Макеевка ауылындағы жолдар;

  • Ново-Одесское ауылындағы жолдар;

  • Митрофановка ауылы;

  • Саратовка ауылына қарасты көше жолдары;

  • Пролетарка ауылына тиіселі жолдар.

Шемонаиха

Шемонаиха ауданының жолдары қандай жағдайда? Жол жылы қай жолдар жөндеуден өтті? Бұл сауалдарға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов жауап берді. Ресми жауапта «Шемонаиха ауданына қарасты жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 90,9%-ы жақсы және қанағаттанарлық күйде, қалған 9,1%-ы жағдайы көңілден шықпайды» делінген.
Жол жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының орташа жөндеуіне 479 млн теңге (10,1 шақырым) бөлінген. Оның ішінде 468 млн теңге облыстық бюджеттен.
11
млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінгені белгілі болды. Аталған қаржы Медведка, Пруггерово және Камышинка ауылдарына кіреберісті, «Первомайский-Барашки» автожолын, Шемонаиха қаласына тиесілі жолдарды, Первомайская, Пушкин, Западная, Станционная көшелерінің орташа жөндеуге және аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға жұмсалған.
Биыл Шемонаиха ауданында жөндеуден өтетін жолдардың саны мол, сапасы да сәйкес болар деген үміттеміз:

  • «Шемонаиха-Сугатовка» автожолы (0-10,8 шақырым);

  • Шемонаиха қаласындағы Халықтық көшесі(1,0 шақырым);

  • Шемонаиха қаласындағы Кирпичный тұйығы(0,8 шақырым);

  • Верх-Уба ауылына кіреберіс автожолы(0-2,4 шақырым);

  • Верх-Уба ауылындағы Киров көшесі(1,2 шақырым);

  • Ново-Ильинка ауылындағы Орталық көшесі (2,6 шақырым);

  • Октябрьское ауылындағы көшелер (2,03 шақырым);

  • Рассыпное ауылындағы көшелер (1,270 шақырым);

  • Зевакино ауылындағы көшелер (1,2 шақырым);

  • Первомайский кентіндегі Джамбул көшесі (0,9 шақырым);

  • Березовка ауылындағы Титов көшесі (0,6 шақырым);

  • Усть-Таловка кентіндегі Путейская көшесінің орташа жөндеуі;

  • Вавилон ауылдық округі, Сугатовка ауылына қарасты Ленин көшесі (0-1,0 шақырым);

  • Дружбы көшесі (0-0,550 шақырым);

  • Школьная көшесі (0-0,650 шақырым). Яғнижалпы 2,2 шақырым жол жөндеуден өтпек.

Дидар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив