A+ A A-

talgatzhan 30 23-01-2025, 12:30 0

Өскеменде бомба туралы жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығыгда клубқа жарылғыш зат қойылғаны жайлы жалған ақпарат таратқан ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 13 қаңтарда таңға жуық мас күйде болған ер адам «102» арнасына қоңырау шалып, қаладағы клубтардың бірінде бомба қойылғанын хабарлады. 

- Оқиға орнына бірден полицияның сыртқы жасағы мен жедел тергеу тобы жіберілген. Алайда клуб ғимаратын мұқият тексеру барысында ешқандай да жарылғыш зат табылмады. Полиция қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, ол сол клубқа тұрақты түрде келіп жүрген, - делінген ақпаратта. 

Күдікті өз әрекетін мас күйде жасағанын және болған жайт мүлде есінде жоқтығын айтқан.  

- Қазіргі уақытта терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу жалғасуда, - делінген хабарламада. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив