A+ A A-

talgatzhan 30 23-01-2025, 14:05 0

Өскеменде туристік компания басшысы ұсталды

Бүгін / Өскемен

Облыс бойынша тур ұйымдастыратын компания туралы қала тұрғындары бұрыннан біледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бірақ біраз уақыттан бері әлеуметтік желідегі парақшасы белсенді емес, ал 2GIS қосымшасында жағымсыз пікірлер жазылған.

Анықталғандай, 9 қаңтар күні өскемендіктердің бірі достарына саяхат ұйымдастыру үшін 50 мың теңге төлеген. Қазір менеджердің телефоны өшіріліп тұр. Жағдайды түсіндіріп, ақшаны қайтару үшін ешкім байланысқа шықпаған. 

-Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз, деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив