Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтар күні облыс орталығындағы бассейнде қаршадай бала суға батып кете жаздаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
4 жастағы ұл бала байқаусызда бассейнге құлап, батып кете жаздаған. Дәл сол жерде болған өскемендік Арлан Ерболұлы баланы судан алып шықса, Ирина Носакова алғашқы медициналық көмек көрсетті. Осылайша, балақай өлім аузынан аман қалды.
Ал бүгін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері адам өмірін аман сақтап қалғандарды марапаттап, ризашылықтарын білдірді.
- Қала тұрғындары демалыс орнында болған оқиғаға бей-жай қарамай, нағыз азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Олардың ерлігі назардан тыс қалмау керек, - дейді департамент бастығы Рашид Блялов.
Пікірлер