A+ A A-

talgatzhan 31 24-01-2025, 15:15 0

ШҚО-да әуежайлардың қалай салынатыны белгілі болды

Бүгін / ШҚО / Зайсан / Катонқарағай

Катонқарағай және Зайсан ауданының туристік әлеуетін арттыру үшін сапалы жол инфрақұрылымы бар әуежай кешенін салу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Нысан құрылысын «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізеді. Белгілі болғандай, екі әуежай 2026 жылы іске қосылмақ.

-Алдымен Q400, ATR 42/72, CRJ200 ұшақтары үшін ұзындығы 2200 метр, ені 35 метр болатын жасанды ұшу-қону жолақтары салынады. Кейін оның ені 45 метрге, ұзындығы 2600 метрге дейін ұзартылмақ. Бұл Airbus A320, Boeing 737 сынды ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді, деді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив