A+ A A-

talgatzhan 30 24-01-2025, 16:30 0

ШҚО-да жас хоккейшілер арасында турнир өтті

Бүгін / ШҚО / Спорт

Қаржылық мониторинг органдары күніне орай ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыс әкімдігінің қолдауымен «Торпедо» хоккей клубының түрлі жас санатындағы тәрбиеленушілері арасында шайбалы хоккейден балалар турнирін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Турнирдің мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, мектеп жасындағы балаларды дене шынықтыру мен спортқа баулу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Үш күн бойы жас хоккейшілер жеңіске деген ерік-жігерін, жоғары дайындықтарын, командалық рух пен ынталары көрсетіп, табанды күрес жүргізді.

Турнир жеңімпаздары Қазақстан Республикасы чемпионаты – Pro Hokei Ligasy шеңберінде бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жекелей номинациялар бойынша «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қорғаушы» атақтары берілді.

Барлық матчтар барысында LED-экрандарда экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.

Сонымен қатар спорттық іс-шара аясында волонтерлер қаржы пирамидалары, лудомания және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы ақпарат қамтылған брошюралар мен буклеттер таратты.

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі  Президент бастамасымен құрылды. Бұл - тікелей Мемлекет басшысына есеп беретін жеке құқық қорғау органы. 28 қаңтар - қаржылық мониторинг органдарының кәсіби мерекесі. Ел Президенті қаржылық мониторинг органдарына көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға жол бермеу, сондай-ақ капиталды шетелге шығаруға қарсы күрес міндеттерін жүктеді. 

Агенттік алдында қойылған міндеттерді орындай отырып, департамент елдің экономикалық қауіпсіздігін, азаматтар мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайды. 

Қаржылық мониторинг Агенттігі жалған кәсіпкерлік, салық төлеуден жалтару, жалған ақша жасау, экономикалық контрабанда, бюджет саласындағы ұрлық, алкоголь өнімдерінің, мұнайдың заңсыз айналымы, қаржы пирамидалары, банкроттық және тағы басқа құқық бұзушылықтармен күреседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив