A+ A A-

talgatzhan 37 27-01-2025, 09:50 0

Өскеменде жылу тарифі 19 пайызға өседі

Бүгін / Өскемен

«Шығыс Жылу» АҚ 1 ақпаннан бастап қызмет бағасын көтереді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Олар ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне 26 пайызға өсім сұрады. Ал антимонополистер 19 пайызға арттыруды мақұлдады.

Ендігі кезекте төлем мөлшері төмендегідей өзгереді:

тұрғындар үшін – 4 724,75 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса – 3 992,19 теңге/Гкал, ЖЭЕА-сыз 5 669,7 теңге/Гкал;

бюджеттік ұйымдар – 25 729,01 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса – 24 475,66 теңге/Гкал, ЖЭЕА-сыз – 38 593,52 теңге/Гкал;

басқа тұтынушылар – 13 366,62 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса – 12 892,56 теңге/Гкал, ЖЭЕА-сыз – 17 376,61 теңге/Гкал.

Жалпы алаңның мөлшерін ескере отырып, жылу беруге жұмсалатын жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу аясында тұтынушылар үш кіші топқа бөлінеді:

1 кіші топ - 100 м2кем емес жылытылатын ауданы бар жеке тұлғалар

2 кіші топ - 100 м2 астам және 200 м2 кем емес жылытылатын ауданы бар жеке тұлғалар

3 кіші топ - 200 м2 астам жылытылатын ауданы бар жеке тұлғалар

«Шығыс Жылу» АҚ өкілдерінің айтуынша, тарифтің көтерілуіне «Инвестицияларға айырбас тариф» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған инвестициялық құрамдас бөліктің ұлғаюы және стратегиялық тауарлар бағасының өсуі себеп болып отыр.

Жаңа тариф 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін бекітілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив