A+ A A-

talgatzhan 31 27-01-2025, 11:20 0

Өскеменде 16 қоғамдық дәретхана жұмыс істейтін болады

Бүгін / Өскемен

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі облыс орталығындағы қоғамдық әжетханаларды ұстауға 22,5 млн теңге бөлмек. Қазір мердігер іздестірілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Осылайша, қала аумағында 16 нысан жұмыс істейді:

1) Сәулетай саябағы;

2) Өзен вокзалы;

3) ҰОС ескерткіші аймағында; 

4) Гагарин бульвары; 

5) Республика алаңының аумағында; 

6) «Нұрлы жол» саябағы;

7) Комендантка алаңы (Серікбаев көшесі);

8) Комендантка алаңы (Михаэлис көшесі); 

9) Протозанова, 39 көшесі; 

10) «Әуежай» АҚ аймағында;

11) Защита ауданындағы Теміржолшылар көшесі;

12) Октябрь кентінің соңғы аялдамасы;

13) Виноградов көшесі;

14) Өскемен теміржол вокзалы;

15) Пристаньдағы соңғы аялдама;

16) Аблакетка кентіндегі ГЭС аумағында.

Жұмыс уақытында әрбір нысанда қызметкер болу керек. Дәретханалар күн сайын жұмыс істейді. Мереке күндері жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив