Алмат Ақышовтың өкімімен Азамат Қарағызов қала әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Азамат Қожабекұлы Өскемен қаласында дүниеге келген. Мектепті де, жоғары оқу орнын да осы қалада тәмамдады. Құқықтану және техникалық физика бакалавры, магистрі дәрежесіне ие. Жалпы еңбек өтілі 10 жыл, оның 9-ы мемлекеттік қызметте.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Алматы қаласы Тілдерді дамыту және архивтер басқармасында жетекші маман болып бастаған.
2016-2019 жылдар аралығында ШҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында жетекші маманнан бөлім басшысына дейін әртүрлі қызметтерді атқарды.
2019-2022 жылдары ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Пікірлер