Жол-көлік оқиғасы былтыр қазан айында болған, деп хабарлайды тілшісі.
Анықталғандай, Lada Priora маркалы көлігінің жүргізушісі Күршімге барар тасжолда қатты жылдамдықпен келе жатқан.
- Ер адам тізгінге ие бола алмай қалғандықтан көлік аударылып кетті. Жол апатынан жолаушы оқиға орнында көз жұмды, - деді Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметіндегілер.
Жүргізуші Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған екі жылға бас бостандығынан айыру, 5 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер