455 498.77 5.56
A+ A A-

2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов

2024 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 4,8% құрады — Олжас Бектенов [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың негізгі нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Атап айтқанда, экономика 4,8%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында – 13,7%, құрылыста – 13,1%, саудада – 9,1%, көлікте – 8,5% деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9%-ға дейін артты. 

Аграрлық сектор мен өңдеуші салады соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді. 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлы дақыл жиналды. 4 млн тонна астық экспортқа жөнелтілді.   

Өңірлерге шаққанда өткен жыл қорытындысы бойынша ең жоғары экономикалық өсім Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары және Астана мен Шымкент қалаларында тіркелді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив