A+ A A-

talgatzhan 31 28-01-2025, 23:35 0

Өскемендегі 23 шағын аудан тұрғындары электр жарығының жиі өшетіндігіне наразылық білдірді

Бүгін / Өскемен

Өскеменнің шеткері аудандарында электр энергиясының тапшылығы артып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Халық саны жыл санап өсіп келеді, ал трансформаторлар оған лайықталмаған. 

Бүгін 23 шағын аудан тұрғындары электр жарығының жиі өшуіне байланысты талап-тілектерін білдірді. Қала әкімі Алмат Ақышов халықпен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындардың айтуынша, бұл ауданда жарық мәселесі 20 жылдан бері шешімін таппай келеді. 

Қала басшысы 23 ауданның бастамашыл тобын конструктивті диалог құру  үшін әкімдікке кездесуге шақырды. Ал осы ауданда тұратын халықпен жүздесу алдағы сенбіге жоспарланған. 

Айта кетейік, өткен сенбіде 19, 20, 21 ықшам аудан тұрғындарымен кездесу барысында да электр мәселесі өзекті екені айтылды. Алдағы уақытта ұзақ жылдар бойы қордаланған бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив