28 шағын аудан тұрғындары электр қуатының жиі сөнуіне наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімі Алмат Ақышов 28 ауданға барып, тұрғындармен кездесті. Әкім жарықсыз қалған тұрғындардың үйлерін аралап, жағдайларымен жеке танысты. Бұл проблемаға жауапты сала өкілдері шақырылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 28 шағын ауданда жөндеу жұмыстары аяқталып, электр энергиясы берілді. Бұл мәселені түбегейлі шешу жолдарын талқылау үшін жұма күні халықпен кездесу жоспарланды.
Пікірлер