Облыстағы ірі энергетикалық кәсіпорындардың бірі саналатын «Өскемен ЖЭО» ЖШС-да 2028 жылы жаңа қазандық іске қосылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Өскемен ЖЭО» - өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл мекеме өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үйлерді электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Ғимаратта қуаты 100 МВт болатын №13 турбина агрегаты мен өнімділігі сағатына 400 тонна бу шығаратын ірі қазандық салынуда. Жобаны іске асыруға 2024 жылдың шілдесінен 2028 жылдың шілдесіне дейін 140,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.
Инвестициялық жобалар және құрылыс директоры Олжас Тоқтарбекұлының сөзінше, жобаның негізгі серіктесі - Еуразиялық даму банкі.
- Мердігер ретінде «China Machinery Engineering Group Corporation» (Қытай) корпорациясы таңдалды. Салынып жатқан қазандықтың бірнеше техникалық артықшылығы бар. Айтар болсақ, станцияның негізгі жабдығының тозуын 13,8%-ға дейін төмендету және ең жоғары жылу қуатын 130 Гкал/сағ ұлғайту. Бұл тапшылықты 39,3%-ға төмендетеді. Осылайша, энергия қажеттілігін жабуға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму үшін жаңа мүмкіндіктер туады, - деді Олжас Асылханов.
Айта кетейік, облыстағы жылу электр орталығында барлығы тоғыз қазандық бар.
Пікірлер