Еліміз бұл арқылы Орталық Азияның білім беру хабына айналуды мақсат тұтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасованың сөзінше, жыл сайын 200 шетелдік ғалымның Қазақстанда жұмыс істеуіне мемлекеттен қаржы қаралады. Бұл туралы маман Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан.
− Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. Жыл сайын мемлекет 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөледі. Ғылым және жоғары білім министрлігі әлемнің барлық негізгі өңірінен серіктестер тартып, Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру бойынша елеулі жұмыс жүргізуде, – деді ол.
Осы уақытта 12 елдің жоғары оқу орындарымен 34 стратегиялық әріптестік орнатылған. Бұл қатарда АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, Франция және Оңтүстік Кореяның беделді 16 универсиетінің филиалы бар.
Пікірлер